1558
Ішкі істер министрлігінің 10 курсанты ауруханаға жатқызылды
Бүгінде барлығының жағдайы тұрақты
ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оқу орталығының он курсанты жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозымен Павлодардағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Алғашқы науқас 29 қарашада ауруханаға түскен. Бүгінде барлығының жағдайы тұрақты.
Бұған дейін Ақтөбеде Ішкі істер министрлігі институтының курсанты қайтыс болған еді.