Актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті

Танымал театр актері қайтыс болды

Актер Асқар Наймантаев дүниеден өтті
Ашық дереккөз

Танымал актер Асқар Наймантаев өмірден озды, деп жазады turkystan.kz.

Бұл туралы актердің достары әлеуметтік желіде хабарлады.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.

Ол "Домашние войны", "Бастық боламын", "ОрыStar в Шымкентте", "Детектив әже" ,"Туысқандар", "Бұйымтай", "Өсекшілер", "Внуки в ауле" комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат", Бақытас Санитастың "Тезек" фильмдердінде ойнады.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер Instagram парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.