Бюджеттен 9 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтады.

Бюджеттен 9 млн теңге жымқырған бухгалтер сотталды
Ашық дереккөз
1111

Жамбыл облысында 9 млн бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды.

Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді (ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу).

Тергеу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді.

2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың бухгалтері 5 жылдық мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды (шартты түрде).

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары