Шаштың шамадан көп түсуіне әсер ететін факторлар

Шашты ыстық ауамен кептіру, химиямен бұйралау, сапасыз бояумен бояу зиян.

Шаштың шамадан көп түсуіне әсер ететін факторлар
onclinic.ua
1417

Адам денсаулығының көрсеткішін шашының күйіне қарап та білуге болады. Күніне 60-80 шаш түсу қалыпты. Ал егер одан жоғары болса себебін анықтап, емдеу керек.

Шаштың жиі түсу себептері:

  • Анемия. Темір жетіспеушілігі кезінде шаш көп түседі;
  • Ағзаға йод, цинк элементтері жетіспегенде;⠀
  • Диета. Яғни, ағзаға қажетті маңызды элементтер керекті мөлшерде түспесе, ақуыз жеткіліксіз болса, шаш көп түседі.⠀
  • Күйзеліс (стресс).⠀
  • Босанғаннан кейін гормондар, витаминдер мен микроэлементтер жеткіліксіздігі;⠀
  • Дұрыс емес күтім. Нашар су, нашар шампунь, шаш тарамау, т.б себептер;⠀
  • Кейбір эндокринді аурулар кезінде;⠀
  • Сізде шаш қандай себептен түсіп жатқанын білу үшін:
  • Анализ тапсыруға (гемоглобин, темір, ферритин мөлшерін, йод, цинк мөлшерін) болады.
  • Гормондарға тексерілуге (ТТГ гормондарын) болады. Эндокринді ауру бар-жоқтығын білуге;
  • Қажет болса, нақты мамандар тексеруінен өтуге болады.

Одан бөлек, шашты ыстық ауамен кептіру, химиямен бұйралау, сапасыз бояумен бояу, шаш түзететін құралдар да жиі түсіруге алып келеді.

Шаш түсудің алдын алу үшін не істеу керек?

  • Толыққанды тамақтану;
  • Витамин қабылдау;
  • Эндокриндік аурулар болса, емін жасағанда шаш түсуі де тоқтайды;
  • Шашқа дұрыс күтім жасау: құрамында чеснок, майлар (косторовое, репейное, кокос, т.б) бар шампуньдар қолдану, шашқа пайдалы жоғарыда аталған майлармен маска жасау, ыстық емес, жылы сумен жуу, және де күнделікті шаш тарау)
  • Шаш тарау - әсіресе ірі тістері бар үлкен тарақпен күнделікті тарау - шаш терісіндегі қантамырларында қан айналымын жақсартады.

Серіктес жаңалықтары