807
Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті
ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде.
Павлодар облысында екі оқушыны көлік қағып кетті. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, 26 қараша күні Екібастұз қаласында М.Жүсіп көшесі бойымен келе жатқан Shevrolet Cobalt маркалы автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккенді аурухаға жеткізді.
Ал 27 қарашада Павлодар қаласының Павлов көшесі бойында ВАЗ-21906 маркалы көліктің иесі белгісіз жерде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қақты. Зардап шеккен ауруханаға жеткізілді.
«ЖКО фактілері бойынша тексеріс жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды»,– деді департаментте.