823
Түнгі клубта төбелескен ақтаулық екі полицей қызметінен қуылды
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді.
Әлеуметтік желіде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде екі полиция қызметкері төбелескені, жанжал барысында асхана пышағы қолданылғаны жөнінде ақпарат тарады.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді, деп жазды mangystaumedia.kz басылымы облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан босатылды.
Облыстық Полиция департаменті «төбелеске асхана пышағы қолданылды» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын түсіндіреміз», – деп атап өтті облыстық Полиция департаменті.