Жұмадағы жеңілдік: Абайлаңыз, сізді тонап кетуі мүмкін!

Сарапшының жүргізген зерттеуіне сүйенсек, жалған акция өте көп.

Жұмадағы жеңілдік: Абайлаңыз, сізді тонап кетуі мүмкін!
сурет: istockphoto.com

Әлем бойынша жұмадағы жеңілдік науқаны басталып кетті. Бұл күндері дүкендер түрлі жеңілдік ұсынып, қызу науқанға айналады. Бірақ ақшаңызды жұмсауға асықпаңыз: биыл жеңілдіктен гөрі алдау көп болуы ықтимал деп ескертеді сарапшылар.

UFC-que choisir Француз тұтынушылар қауымдастығының директоры Григорий Карет тиімді ұсыныстар аз, бірақ алаяқтық пен айла көп болуы мүмкін екенін айтады. 

Сарапшының жүргізген зерттеуіне сүйенсек, жалған акция өте көп.

Сондай-ақ, сарапшылардың Euronews Business-ке берген сұхбатында жұмадағы жеңілдікте нақты жеңілдіктен гөрі манипуляция басым екенін айтқан.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жақсартуға арналған еуропалық Omnibus Директивасына сәйкес, бөлшек саудагерлер соңғы 30 күндегі ең төменгі бағаны көрсетуі керек. Кейбір сатушылар бұл ережені сақтамайды.

Сондықтан, сатып алар алдында сақ болып, жақсылап ойланып алмасаңыз, қалтаңыз қағылып, сан соғып қалуыңыз әбден мүмкін.