Атырауда төрт Қытай азаматы ұсталды

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Атырауда төрт Қытай азаматы ұсталды
Алматы ПД

Атырауда құжатсыз жүрген төрт Қытай азаматы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz Атырау ПД-не сілтеме жасап.

22 қараша күні сағат 10:30 шамасында Атырау қаласы Каспий ықшамауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірін тексеру кезінде Қытай Халық Республикасының 4 азаматының жеке басын анықтайтын төлқұжаты жоқ екенін анықтаған, - делінген хабарламада.

Шетел азаматтары қабылдау-тарату орнына орналастырылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің инспекторлары жинақталған іс-құжаттарды сотқа жолдаған.