1215
Президенттің сайлауалды бағдарламасы: Өңірлер мен инфрақұрылым қалай дамып жатыр?
Қазір инфрақұрылымды жаңғырту және өңірлерді дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүріп жатыр.
Тұрғын үй құрылысы, ТКШ желілерін жаңарту, республиканың көлік-логистикалық әлеуетін нығайту және жаңа өндірістік кәсіпорындарды іске қосуға қатысты ауқымды істер жүзеге асырылып жатыр.
Бұл бағыттардың барлығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында белгіленген.
Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы бойынша бір жылда қандай нәтижелерге қол жеткізілді:
- 2029 жылға қарай 1 млн-нан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.
- Мәселен, 2023 жылғы 10 айда 13 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды.
- 2023 жылы өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді.
- «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді.
- ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді.
- Атап айтқанда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін едәуір арттыратын бірқатар ірі темір жол жобасын іске асыру басталды.
- Барлығы үш жыл ішінде 1 300 шақырымнан астам темір жол салынады.
- Оған қоса 2030 жылға дейін 11 мың шақырым т/ж жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.
- Соңғы кездері жүк тасымалының көлемі 2 есе артқан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға бірқатар еуропалық көлік-логистикалық компанияны тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
- Қорларды ұлғайту және өңірлерді газдандыру жұмысын одан әрі жалғастыру үшін жаңа газ өңдеу қуаттарының құрылысы жалғасуда.
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд м3 болатын ГӨЗ құрылысын жүргізіп жатыр.
- Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд м3 газ өңдейтін жаңа ГӨЗ құрылысы жобалануда.