Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды

Қаскөй Денис Теннің ескерткішінің қабырғасына жазба қалдырған.

Денис Теннің ескерткішін бүлдірген күдікті ұсталды
tiktok.com
802

Қаскөй әйгілі спортшы Денис Теннің ескерткішінің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазған, деп хабарлады turkystan.kz.

Azattyq Ruhy сайтының мәліметінше, Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам психоневрологиялық есепте тұрады.

«Қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. Ұсталған адам психикалық денсаулық орталығына орналастырылды», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде Денис Теннің бүлінген ескерткіші бейнеленген видео пайда болған. Бейнежазбадан мемориалдың беткі қабаты қара жазумен шимайланып, бейәдеп сөздер жазылғанын көруге болады.

Серіктес жаңалықтары