Екібастұзда оқушыны жабылып ұру дерегі бойынша тексеріс басталды

Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды.

Екібастұзда оқушыны жабылып ұру дерегі бойынша тексеріс басталды
obozvrn.ru
1230

Әлеуметтік желіде Екібастұз қаласында мектеп оқушылары бір баланы ұрып-соққан бейнесі тарады. Оқиғаны облыстық полиция департаменті растап, түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды.

«Бейне бойынша тексеріс жүргізілді. Бұл жағдай 6 қараша күні тіркелді. Кәмелетке толмаған балалардың жеке басы анықталды. Полицияға осы жағдайға байланысты өтініш келіп түспеді. Факт тіркелді, оқиғаның барлық мән-жағдайлары анықталып жатыр»,– деді департаментте. 

Сондай-ақ Екібастұз қаласның білім беру бөлімі де өз тарапынан тексеріс ашты.

Ал желі қолданушылар бұл жағдайға қатысты түрлі пікір қалдыруда. 

«Зардап шеккен бала жетім. Оны қорғайтын ешкім жоқ. Айтарға сөзім қалмады, бұл сұмдық жағдай», – деп жазды желі қолданушылар.

 

Серіктес жаңалықтары