1077
Су саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға артады
Министрлік тиісті ұсыныс енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр.
Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр.
Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.
«Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныс енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр», – дейді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.