Алматы облысында 11 жастағы оқушы суицид жасады

Оқиға Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде болған.

Алматы облысында 11 жастағы оқушы суицид жасады
pixabay
1130

Жамбыл аудандық әкімдігі баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісін растады, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап..

Полиция аталған жағдайға қатысты ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқушы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы мектептердің бірінде оқыған. 6-сынып оқушысының суицидке баруының себебі белгісіз.

«Бұл оқиға демалыс күні баланың отбасында болған. Мектеп оқушысы толық отбасынан шыққан. Мектептен ешқандай қысым көрмеген, оқу үлгерімі де жақсы.  Ата-анасының екеуі де жұмыс істейді. Әкесі жедел жәрдем қызметінде, анасы да медицина саласында. Баланың қысым көргені жайлы ақпарат жоқ, арнайы тергеп-тексеру жүріп жатыр. Неге бұндай қайғылы жағдай орын алғаны түсініксіз. Сенбі күні кешкі уақытта орын алған», - деді Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Алматы облысының әкімдігі қайғылы жағдайға душар болған отбасына жан-жақты қолдау көрсететіндерін айтты. Жалпы, Алматы облысында өз өмірлерін қиятын балалар саны азаймай тұр.

Серіктес жаңалықтары