Түркістан облысында жұмысқа орналастырамын деп 4 адамды алдаған күдікті ұсталды

Ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген

Түркістан облысында жұмысқа орналастырамын деп 4 адамды алдаған күдікті ұсталды
polisia.kz
626

Түркістан облысында жұмысқа орналастырып беремін деп 4 адамды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, таныс ер адам Атырау қаласына «жұмысқа орналастырып беремін» деп сеніміне кіріп, 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған.

Аталған фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді.

«Тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы жергілікті тұрғынды уысына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Анықталғандай, ер адам алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның тағы 3 жайтқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары