973
Қызылорда тұрғыны көлік нөмірінің орнына «НЕТУ» белгісін тағып алған
Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Қызылордада жүргізуші көлігіне мемлекеттік нөмірдің орнына «НЕТУ» белгісін тағып алған, деп хабарлады turkystan.kz.
Оны «Құқықтық тәртіп» шарасы барысында 21 қараша күні Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары анықтады.
«Жас жігіт темір тұлпарының алдына заңды мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай, орнына «НЕТУ» деген белгіні іліп алған. Көлік тізгіндеген 19 жастағы облыс тұрғынына қатысты хаттама толтырылды. Ал ВАЗ-2107 автокөлігі айып тұрағына қойылды», – делінген ІІМ-нің хабарламасында.