Шұғыл шара қабылдау қажет: БҰҰ жаһандық жылыну процесі жеделдегенін ескертті
Апатты болжам шындыққа айналмас үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтылды.
Әлем бойынша индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда температура 2,5-2,9 градусқа көтерілуі мүмкін. Бұл туралы БҰҰ сарапшылары ескертті, деп хабарлады turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.
Дубайдағы Климат саммиті басталардан бір апта бұрын жарияланған БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) жаңа есебінде апатты болжам шындыққа айналмас үшін шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі туралы айтылды.
Температураның 2 градустан артық өсуіне жол бермеу үшін әлемдегі парниктік газ шығарындыларын 28%-ға, ал жаһандық жылынуды 1,5°С шегінде, 42%-ға азайту қажет. Ол үшін ағымдағы онжылдықта климаттың өзгеруін азайту жөніндегі күш-жігерді айтарлықтай жандандыру керек.
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш "егер ештеңе өзгермесе, 2030 жылы шығарындылар 1,5 градус температураның өсуін тежеуге мүмкіндік беретін мәндерден 22 гигатонға артық болады", – деді.