Италияның ең ірі мафиясына қатысы бар деген айыппен 230-дан астам адам сотталды
Financial Times жазуынша, "Ндрангета" мафиясы Еуропадағы заңсыз кокаин саудасының басым бөлігін бақылайды.
Италияның Калабрия аймағында 3 жылға жуық уақытқа созылған "Ндрангета" соты аяқталды. Бұл – кейінгі 35 жылдағы мафияғаға қатысты ең үлкен іс, деп хабарлады turkystan.kz.
Financial Times жазуынша, "Ндрангета" мафиясы Еуропадағы заңсыз кокаин саудасының басым бөлігін бақылайды.
Калабрия соты жергілікті мафияға және ол жасаған қылмыстарға қатысы бар 200-ден астам адамды айыптады.
Сотталғандардың қатарында "Ндрангета" жергілікті мафия тобының кемінде екі жоғары дәрежелі мүшесі бар. Әрқайсысы 30 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың сыбайласы 70 жастағы бұрынғы адвокат Джанкарло Пителли де 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушыларға бопсалау, сондай-ақ есірткі мен қару-жарақ саудасына қатысты айып тағылды. 340-қа жуық айыпталушының 131-і ақталған.