Сұйытылған газ қымбаттайды: Қашан, қаншаға?

«Теңізшевройл» қосымша 10 мың тонна газ өндіреді.

Сұйытылған газ қымбаттайды: Қашан, қаншаға?
ашық дереккөз
1184

Бұл сұраққа Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жауап берді, деп хабарлады Turkystan.kz.

«Энергетика министрлігі бағаны біртіндеп көтеруді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 2024 жылдың бірінші тоқсанында сұйытылған мұнай газының литріне шамамен 5 теңгеге қымбаттайды деп отырмыз. Алдағы 3 жылда жарты жылда бір рет баға өсіп отырады»,– деді Ә. Жамауов.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, баға жарты жылда бір рет өседі.

«Автогаздың бағасы 3-4 жылдан кейін нарықтағы әділ құнына жетеді», – деді Ә. Жамауов.

Министрдің орынбасары елімізде 130-135 мың тонна сұйытылған газ өндірілетінін, сұраныс 140-145 мың тоннаны құрайтынын мәлімдеді.

«Теңізшевройлмен» қосымша 10 мың тонна газ өндіруге келістік. Бұған дейін сұйытылған газдың экспортына тыйым салынды. Тапшылықты осылай төмендетеміз», – деді Энергетика вице-министрі.

Ә. Жамауов елімізге Орынбор мұнай өңдеу зауытында Қазақстанның шикізатынан өндірілген 90 мың тонна сұйытылған газ жеткізу бойынша келіссөз жүргізілгенін жариялады.

Серіктес жаңалықтары