Бекболат Тілеухан Ердоғанның ұлымен қалай танысқанын айтып берді

Бекболат Тілеуханның Біләл Ердоғанмен қалай танысқаны белгілі болды

Бекболат Тілеухан Ердоғанның ұлымен қалай танысқанын айтып берді
Видеодан алынған кадр

Экс-депутат, Бүкіләлемдік этно-спорт конфедерациясының вице-президенті Бекболат Тілеухан Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанмен қалай танысқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Мен ұлттық спортты басқарып отырдым, ол Түркиядағы ұлттық спортты басқарды. Кейін конфедерация ашылды, EXPO-ның қарсаңында Біләл Ердоғанды Қазақстанға шақырдым, сол кезде келді. Біздегі ұлттық спорттың дасуына тәнті болды. Көзін жұмып, аузын ашты. Біздегі жүйеге, мемлекеттің қамқорлығына. Сонымен сөзіміз, әңгімеміз жарасты. Ердоған сияқты тұлғаның ұлы бола тұра, сонша қарапайым. Ағайындылар сияқты болып кеттік. Кейін Түркияға емделіп келемін дегенде өзіне шақырды. Жасым үлкен, кейбір жерлерден тәжірибемді бағалаған шығар, жұмысқа шақырған кезде қуана-қуана келістім", - дейді ол.