«Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын»: Танымал блогер жетістігі туралы айтты

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков анасына құны 80 миллион тұратын пәтер сыйлады

«Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын»: Танымал блогер жетістігі туралы айтты
Фото: stan.kz
1398

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков анасына құны 80 миллион тұратын пәтер сыйлады. Ол жеке парақшасына видео жүктеп, қоныс тойын тойлап жатқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Анамның арманын орындадым», – дейді блогер. 

«Анам базарда манты сатты. Біз үйден түйіп береміз. Үйіміз болмады. Пәтер жалдап жүрдік. Түнде пойызға манты сатуға шығатын. Таңғы 4-ке дейін сатып келеді. Сондағы арманы – үй алу. Бір күні папам екеуі қатты ұрысты. Папа: «Манты сатып үй ала алмайсың. Денсаулығыңды құртасың манты да сатпа, базарға да шықпа» деді. Бірақ мамам саудасын тоқтатпады. Ең алғаш Тараз қаласынан бір бөлмелі үйді 3 миллион теңге сатып алды. Мен жоғары оқу орнына түспедім. Басқа қатарластарым түсіп жатқанда мен маманың жанында базарға шығатын едім. Сол кезде кең үй алуды армандаушы едік. Міне, сол арман орындалып тұр. Негізі, әке-шешеме Тараздан үй алып берген едім, олар Алматыда тұрғысы келді. Содан кейін Алматыдан үй қарай бастадық, осы үйдің бағасы 80 миллион теңге болды», – дейді блогер. 

Сондай-ақ блогер өзінің тұратын үйінің бағасын 285 миллион екенін және айлық табысының да өте көп екенін жасырмайды.

«Бір айда 150 миллион теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 миллион теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді», – дейді Дархан. 

 

 

 

 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары