Әрбір үшінші көпбалалы ана біздің өңірде тұрады: Дархан Сатыбалды Түркістан облысының артықшылықтарын атады

«Бала туу көрсеткіші бойынша да біздің облыс көш бастап тұр»

Әрбір үшінші көпбалалы ана біздің өңірде тұрады: Дархан Сатыбалды Түркістан облысының артықшылықтарын атады
Скриншот видеодан алынды
683

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды медиа-менеджер Арман Давлетияровқа берген сұхбатында өңірдің үш артқышылығын атады, деп хабарлайды turkystan.kz Azattyq Ruhy-ына сілтеме жасап.

«Біріншіден, бізде халық саны көп. Мақтанатын дүние, мен халқыммен мақтанамын. Бізде ең көп тұрғын, яғни 2,2 млн халық бар. Екіншіден, біз халықтың дәстүрін сақтап қалған өңірдің біріміз деуге болады. Түркістан – Орталық Азиядағы терең тарихы бар, ең көне қалалардың бірі. Бұл жерде қазақ халқының тарихын шешетін көптеген тарихи шешім қабылданған. Қазақ хандарының ордасы болған. Хандар осы жерде жерленіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі де осында орналасқан. Олардың барлығы текті адамдар болған. Халқымыз да еңбекқор», – деді ол.

Сонымен қатар, облыс әкімі өңір халқы қандай жұмыс берсең де істеп, табыс табатынын айтты.

«Ауылды жерде тұратын халық күнде еңбектеніп, отбасын асырап отыр. Бала туу көрсеткіші бойынша да біздің облыс көш бастап тұр. Әрбір алтыншы бала Түркістанда дүниеге келеді. Әрбір үшінші көпбалалы ана біздің өңірде тұрады», – деді ол.

Дархан Сатыбалды облысты дамыту бойынша жоспар көп екенін, оларды жүзеге асыру жалғаса беретінін айтты.

 

Серіктес жаңалықтары