1235
Қазақстандықтардың 68 пайызының айлық табысы 150 мың теңгеге жетпейді – санақ қорытындысы
Бұл мәлімет 2021 жылғы халық санағы кезінде алынған жауаптарға негізделген.
Қазақстандықтардың 68 пайызының айлық табысы 150 мың теңгеге жетпейді, деп хабарлайды turkystan.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бұл ретте ауыл тұрғындарының көбісі (35%-ы) айына 50-100 мың теңге аралығында табыс табады. Ал тұтастай алғанда, ел бойынша Қазақстан халқының тек 0,7 пайызы ғана бағалы қағаздардан, жылжымайтын мүлікті жалға беруден, дивидендтер мен пайыздардан кіріс алады.
Бұл мәлімет 2021 жылғы халық санағы кезінде алынған жауаптарға негізделген.