Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры тартылады

Қостанай облысының ауылдық елдімекендерінің 28%-ы ғана орталық газбен қамтамасыз етілген.

Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры тартылады
Қызылорда облысының әкімдігі
869

2024 жылдың I тоқсанында «Ақтөбе-Қостанай» магистральдық газ құбырын жобалау жұмысы аяқталады, деп хабарлайды Turkystan.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Интергаз Орталық Азия» АҚ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Құжатта жобалау жұмысы алдағы жылдың I тоқсанында аяқталатыны нақтыланды.

Жобаға Қостанай облысын одан әрі газдандыру міндеті жүктелген.

«Жоба аясында ұзындығы 600 шақырымнан астам газ құбыры және КС-14 базасында компрессорлық станцияларды салу көзделіп отыр. Жобаның құны техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу қорытындысы бойынша айқындалады. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу шеңберінде газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін құру үшін жобаланатын газ құбырын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырымен қоршау мүмкіндігі зерделеніп жатыр», – деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін жаңа газ құбыры тартылады. Ол елдімекендермен қатар отын көлемін көп қажет ететін ірі инвестициялық аумақты газдандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қостанай облысының ауылдық елдімекендерінің 28%-ы ғана  орталық газбен қамтамасыз етілген. 

Серіктес жаңалықтары