"Құрылысты аяқтауға ақша жоқ": Астанада тұрғын үйге ақша салғандар пәтерін ала алмай жүр
Үлескерлердің негізгі контингенті көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер екен.
"Onyx Comfort" тұрғын үй кешеніне ақша салған үлескерлер өз пәтеріне кіре алмай жүр. Құрылыс компаниясы үйдің құрылысын аяқтауға қаражат жетпейді деп мәлімдеген, деп хабарлайды turkystan.kz Astana TV-ге сілтеме жасап.
Тұрғындар пәтерді брондау шарты бойынша сатып алған. Олардың айтуынша, құрылыс өткен жылғы желтоқсанда аяқталуы керек еді. Үлескерлер Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовқа жүгінді.
Шарт жасасу кезінде біз, үлескерлер, құрылыс салушының күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда КЖК (бұрынғы ФТЖС) кепілдігі жоқ екенін білмедік. Үлескерлердің үлкен жартысы құрылыс салушыға пәтерінің ақшасын төлеп үлгерді. Алайда, компания құрылысты жалғастыратын қаражаты жоқ деп мәлімдеді, - деп шағымданды үлескерлер.
Үлескерлердің кейбірі сотта жеңіп шыққан. Бірақ 6 айдан астам уақыт өтсе де, салған ақшаларын қайтара алмапты.
Үлескерлердің негізгі контингенті көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер екен. Олардың көпшілігі өз үйлерін сатып, соңғы ақшаларын осы тұрғын үй кешеніне салған.