Экс-министрдің жұбайы Салтанат Нүкенова Павлодарда жерленді

Оның жаназасы Мәшһүр Жүсіп мешітінде оқытылды

Экс-министрдің жұбайы Салтанат Нүкенова Павлодарда жерленді
Әлеуметтік желіден
2108

Бүгін бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенова Павлодарда жерленді. Бұл туралы оның туысы әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның жаназасы Мәшһүр Жүсіп мешітінде оқытылды.

Еске сала кетсек, 9 қарашада Астанада бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін, яғни Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оқиға елордадағы BAU мейрамханасында орын алды.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол ауыр соққыдан қаза тапқан.

Қазір экс-министрі қамауда. Ол 15 жылға сотталуы мүмкін.

Салтанат Нүкенова – Қуандық Бишімбаевтың екінші әйелі. Ол 1992 жылы дүниеге келген.

Серіктес жаңалықтары