Елордада әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, қаза тапты

«102» арнасына Н. Тілендиев даңғылының бойындағы тұрғын үй терезесінен әйелдің құлағаны туралы қоңырау түскен.

Елордада әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп, қаза тапты
ашық дереккөз
1052

Астанада әйел терезеден секіріп, көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Н. Тілендиев даңғылында әйелдің қаза болу фактісі бойынша елордалық полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабына сәйкес «суицидке жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

«10 қарашада «102» арнасына Н. Тілендиев даңғылының бойындағы тұрғын үй терезесінен әйелдің құлағаны туралы қоңырау түсті. Ол алған жарақаттан сол жерде қайтыс болды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілуге жатпайды», - деді полициядан. 

Серіктес жаңалықтары