Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қосылды

6 ай ішінде қазақстандықтар Қытайда барлығы 90 күн жүре алады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим қосылды
Ашық дереккөз

10 қарашадан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим жұмыс істей бастады. Келісімге сәйкес көрші елде визасыз 30 күнге дейін жүруге болады, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін визаны алдын ала ресімдемей-ақ саяхаттау басталды. 6 ай ішінде қазақстандықтар Қытайда барлығы 90 күн жүре алады. Алайда ол күндерді толық емес, бөліп-бөліп өтеді. Яғни бір барғанда толық 90 күн емес, ең көп дегенде 30 күн жүреді. 

Енді Қазақстанның Қытаймен шекарасын кесіп өту үшін өзіңізбен бірге төлқұжатыңыз болуы керек, сондай-ақ билетті сақтап қойған жөн.