«7 жыл бұрын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады

Әнші Гонконгта жеке концерті өтетінін қуана хабарлады.

«7 жыл бұрын»: Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады
ашық дереккөз

Әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында жазба жариялап, жақсы жаңалығымен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«23 желтоқсанда менің Гонконгтағы жеке концертім өтетінін қуана хабарлаймын! Бұл ерекше күн, өйткені дәл осы күні, 7 жыл бұрын, мен Қытайға алғаш рет аяқ басқан едім. Содан кейін менің шығармашылық жолымның қызықты сәттері сіздермен басталды! 7 саны қазақ халқы арасында ерекше сан болып саналады. Сондықтан осы мерейтойда сіздермен Гонконгта STRANGER концерттік турымды жалғастыру үшін кездесетінімізге қуаныштымын!», – деп жазды Димаш Құдайберген.