Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады.

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Gov.kz

Астанада «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ бүгін сағат 14.30-17.00 аралығында «Жастар» сарайында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне «Отбасы банк» АҚ, «Центр ипотеки Астана» ЖШС, «QazaqZher» ЖШС, «Астана Тазалық» ЖШС, «Банк ЦентрКредит» АҚ Астана қаласындағы филиалы және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.

Сондай-ақ іс-шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіледі.