Мемлекеттік қызметкер, полицей және әскерилерге казиноға баруға тыйым салынды

Қаулы жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Мемлекеттік қызметкер, полицей және әскерилерге казиноға баруға тыйым салынды
сурет: iz.ru
788

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді, әскери қызметкерлерді, полиция қызметкерлері мен құтқарушыларды ойын орындарына баруға тыйым салуды міндеттейтін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа құжат Президенттің бұрынғы кейбір Жарлықтарына толықтырулар енгізді.

"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлықта жаңа тармақ енгізілді: "Әскери қызметші қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуы тиіс".

"Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлықта мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде: "Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту" тармағы қосылады.

"Құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлықта құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексінде сондай-ақ: "Қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту" тармағы қосылады.

Қаулы жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

Серіктес жаңалықтары