Заңсыз ақша жинаған жалған компанияның басшылығын сотқа дейінгі тергеу аяқталды

101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы – 168,5 млн теңге.

Заңсыз ақша жинаған жалған компанияның басшылығын сотқа дейінгі тергеу аяқталды
сурет: Zakon.kz
552

Қаржы миониторингі агенттігінің Астанадағы бөлімшесі Chia Tai Tianqing Pharmaceutical ЖШС құрылымдық бөлімшесінің басшылығына қатысты тағы бір сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz агенттікке сілтеме жасап.

Компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіретін және экспорттайтын компания ретінде сипаттаған. Сөйтіп, халыққа көптеген жоба бойынша қаражатын инвестициялауды ұсынған.

Тергеу кезінде құрылымдық бөлімшенің басшысына қатысты «қамау» бұлтартпау шарасы тағайындалды. 101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы – 168,5 млн теңге. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі, – деп мәлімдеді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Серіктес жаңалықтары