Астанадағы жеті маршрутта автобустар саны артты

Автобустардың қозғалыс кестесіне шағын өзгерістер енгізіледі.

Астанадағы жеті маршрутта автобустар саны артты
arbatmedia.kz

Астанада жеті бағытқа жаңа автобустар қосылды, деп хабарлады turkystan.kz CTS-ке сілтеме жасап.

«7 қарашадан бастап халыққа қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында 7 маршруттағы автобустар саны ұлғайтылды», – делінген хабарламада.

Желіге 11 жаңа автобус шығарылды. Олар №5, 5А, 60, 61 (1 бірлік), №45 және №54 (2 бірлік), №8 (3 бірлік) бағыттар бойынша жүретін болады.

Автобустардың қозғалыс кестесіне шағын өзгерістер енгізіледі, бұл басқа маршруттарға түсетін жүктемені айтарлықтай азайтады.