Газа секторында қанша қазақстандық бар? - Министрлік жауап берді

СІМ өкілі министрлік Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Газа секторында қанша қазақстандық бар? - Министрлік жауап берді
aa.com.tr
740

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Газа секторында 76 қазақстандық бар екенін айтты.

«Олардың отбасы мүшелерін қосқанда 161 адам бар. Сонымен қатар шетелдік отбасы мүшелерінің шығуына байланысты Мысыр және Израиль тарапынан белгілі бір талаптар бар. Мысалы 3-тен 1 бөлігі эвакуациялауға, яғни жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Бұл кәмелетке толмаған балалар, ерлі-зайыптылар және балалардың жұбайлары. Осыған орай біздің кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кетуге мүмкіндік болмағандықтан Газа секторынан кетуге дайын емес», - деді Смадияров.

СІМ өкілі министрлік Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 

«Көп нәрсе бізге байланысты емес. Әскери дипломатиялық дағдарысты бүкіл әлем шешуге тырысып жатыр. Өз тарапымыздан біз толық дайынбыз. Азаматтарымыз Мысыр шекарасынан өткеннен кейін арнайы эвакуацияға біз дайынбыз. Шетелде Қазақстан азаматтарын қорғау Сыртқы істер министрлігі мен елшіліктердің негізгі міндеттерінің бірі. Біз Таяу Шығыстағы жағдайды бақылап отырмыз. Өкінішке қарай, шиеленіс күшейіп келеді», -дейді СІМ өкілі.

Серіктес жаңалықтары