Ақтөбе облысында 2,6 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған

296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасасудың 18 фактісі анықталды.

Ақтөбе облысында 2,6 млрд теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған
pixabay.com
885

Ақтөбе прокурорлары бюджет қаражатын жұмсау саласында талдау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың өрескел бұзушылықтарын анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдары біліктілік талаптарын бұза отырып, 2 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.

«Мысалы, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу бойынша жобалау-сметалық құжаттамада көзделмеген жұмыстарға лицензия беру туралы талаптар негізсіз белгіленген. Басқа жағдайда Ырғыз, Алға және Мәртөк аудандарының экономика және қаржы бөлімінің лауазымды адамдары «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 14-бабының талаптарын бұза отырып, жалпы сомасы 360 млн теңгеге ведомстволық сараптамадан өтпей, жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізді», – делінген хабарламада.

296 млн теңге мөлшерінде шарттарды заңсыз жасасудың 18 фактісі анықталды. 

«Қабылданған прокурорлық қадағалау шаралармен бұл сатып алулар жойылды, нәтижесінде 2,6 млрд теңге сомасына бюджет қаражатының жұмсалуына жол берілмеді», – делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары