Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтынын ұрлаған (ВИДЕО)

Жедел іздестіру шаралары кезінде 25 жастағы ер адам ұсталды.

Ақтөбеде 25 млн теңгенің алтынын ұрлаған (ВИДЕО)
Polisia.kz

Ақтөбедегі сауда орталығында 25 миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Олардың әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

1 қарашада түнгі уақытта Ақтөбе қаласындағы ірі сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде аса ірі көлемде алтын бұйымдары ұрланды. Сатушы оны келесі күні көріп, бірден полицияға арыз түсірген.

Тергеушілер бейнежазбаларды қарап шығып, медициналық бетперде киген ер адамның сауда орнына жасырын кіріп, кілт салу арқылы шкафтан алтын бұйымдарды ұрлағанын анықтады.

Жедел іздестіру шаралары кезінде 25 жастағы ер адам ұсталды. Күдікті қылмысты жалғыз өзі жасамаған болып шықты, тағы үш сыбайласы анықталды.

Сол күні төртеуі құлаққап арқылы сөйлесіп, қылмыс жасаған. Сосын Орал қаласына кетіп қалған. Ертесінде барлығы ұсталды.

Қазіргі кезде Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігі (Ұрлық, қылмыстық топ жасаған әрекет) бойынша сотқа дейінге тергеу басталды. Осы қылмыс үшін бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Ұрланған алтындар тәркіленді.