«Мың алғыс, Роза әпке»: Әбдіжаппар Әлқожа алғаш сахнаға шыққан сәтін еске алды

Содан бері 18 жыл өтіпті.

«Мың алғыс, Роза әпке»: Әбдіжаппар Әлқожа алғаш сахнаға шыққан сәтін еске алды
ашық дереккөз
1054

Әбдіжаппар Әлқожа өнерге алғаш қадам басқан кезін еске алды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бақыттың, бақыттың, тұрағы қайда?
Жүре ме күнде, тұра ма айда!
Қол жетпестей биіктерде ме? – деп сұрақ қойып Алматыға келген едім. 2005 жыл. «Ауылда жүрсе өспейді, өзі бұзық бала. Қазірден бастап өнерге баулу керек, байқауларға шықсын, ән айтсын, сахнадан табылып жүрсін» деп осы суреттегі қалпыммен өнерімнің қалыбын бастаған еді. Роза Әлқожамен ең бірінші дуэт айтқан менмін, негізі. Алтын Махамбетова апайдың басқаруындағы «Әнші болғым келеді» байқауы болатын. Республика сарайына алғашқы қадам. 2000 адамның түрін көріп үлгермеген боз бала бірден 3000 адамның алдында ән айтты. Әуелі Алла, сосын Роза әпкемнің арқасында. Содан бері 18 жыл өтіпті. Осы өнерімнің қалыбын құрап, санама серпін, ойыма ақыл, парасатқа пайым берген ұлы ұстаз, мотиватор, қамқоршым, тірегім. Балаға бере алмас байлықты маған бергеніңізге мың алғыс, Роза әпке» деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

Серіктес жаңалықтары