Биыл министрлік тапсырмасымен 8 көркем фильм түсірілді

«Бүркіт» экшн-фильмі 2 қарашада прокатқа шықты.

Биыл министрлік тапсырмасымен 8 көркем фильм түсірілді
novoetv.kz
2046

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен 8 көркем фильм түсірілді, деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың қатарында «1941 жылдың жазы», «Хирург», «Өмір», «Ақын», «Ақ боз үй», «Молочная девочка», «Обучение Адемоки» және «Бүркіт». Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген «Бүркіт» экшн-фильмі 2 қарашада прокатқа шықты.

Бұл - режиссер Данияр Ибрагимовтың дебюттік фильмі. Бұған дейін ол «Алтыншы пост» және «Қазбат» сияқты әскери боевик жанрында сәтті отандық фильмдер түсірген.

«Кино жасаушылардың басты мақсаты – ар-намыс пен абырой, достық пен отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, әскери ант пен парызға адалдықтың маңыздылығы мен құндылығы туралы айту. Фильм отрядтағы үйлесімді және табысты жұмысымен танымал үш арнайы жасақ сарбазының қызметі мен достығы туралы оқиғаға негізделген. Олардың басты міндеті – қауіпті қылмыстық топтармен күресу, бірақ осы текетірестің бірінде олардың әскери дайындығы ғана емес, достығы да сыналады», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов.

Фильмнің түсіріліміне арнайы жасақ әскери бөлімі, екі жүзден астам мерзімді әскери қызметші, Қазақстан Республикасының әскери және авиациялық техникасы жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары бар фильмнің кейбір эпизодтары нақты оқиғаларға негізделген. Түсірілім Алматы облысының көрікті жерлерінде, Есік көлінің маңында және Іле өзенінде өтті. Жұмысқа Голливудтан монтаждық режиссер әкелінді.

Басты рөлдерді әртістер – Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Гүлназ Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Азамат Сатыбалды, сондай-ақ қазақ әншісі, күйші Ғалымжан Молданазар сомдайды.

 

Серіктес жаңалықтары