Қазақ боксшы қыздары Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді

Құрлықтық додада Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Алина Құдайгенова (63 кг) жеңімпаз атанды.

Қазақ боксшы қыздары Азия чемпионатында үздіктер қатарынан көрінді
Фото: instagram/boxingkazakhstan

Астана қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жасөспірімдер санатындағы қыздардың финалдық кездесуі аяқталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстан құрамасының қыздары 3 алтын, 4күміс, 4 қола жүлдемен сайысты аяқтады.

Құрлықтық додада Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Алина Құдайгенова (63 кг) жеңімпаз атанды.

Ал  Айым Тәңкібаева (46 кг), Сила Биболсынқызы (48 кг), Ақбота Есімбекова (70 кг), Аружан Зейноллаева (75 кг) күміс, Айша Сариева (52 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), Құралай Егінбайқызы (80 кг) және Панар Сейтқанқызы (+80 кг) қола жүлде алды.

Биылғы жарыста жалпы жүлде қоры бойынша Үндістан 5 алтын, 3 күміс, 5 қоламен көш бастады. Өзбекстан (4 алтын, 5 күміс, 3 қола) екінші орын алса, Қазақстан құрамасы үздік үштіктен көрінді