1263
Такси жүргізушілерінің орташа жалақысы – 493 мың теңге – зерттеу
Дегенмен, шығыстарды есептегендегі таза табыс ел бойынша орташа есеппен – 251,4 мың теңге.
Агрегаторларды пайдаланатын Қазақстандағы такси жүргізушісінің орташа табысы – айына 493 мың теңге, деп есептеді Urban Forum қоры. Бұл – біздің такси нарығындағы алғашқы және жалғыз зерттеу, деп хабарлайды turkystan.kz @financekaz тәуелсіз қаржы сараптамалық порталының инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Бұл ретте жанар-жағар май шығынына, агрегатор мен такси паркінің комиссиясына, автокөлікті жалға алуға және т.б байланысты шығындар 51%-ға жетеді екен.
Такси жүргізушілерінің ішінде ең жалақысы көп Астанадағы жүргізушілер – 665 мың теңге, Алматыда – 615 мың теңге, Шымкентте – 460 мың теңге. Шығыстары есептелген таза табыс ел бойынша орташа есеппен 251,4 мың теңге. Бұл медианалық жалақыдан 45 мың теңгеге артық.