Орыс тілінен онлайн аударма: Португалияда анар шырынына тапсырыс берген туристі полиция ұстап әкетті

Даяшы туристі қате түсінген.

Орыс тілінен онлайн аударма: Португалияда анар шырынына тапсырыс берген туристі полиция ұстап әкетті
© Image by 11082974 from Pixabay

Португалияда анар шырынына тапсырыс берген туристі полиция ұстап әкетті, деп хабарлайды turkystan.kz straitstimes.com-ға сілтеме жасап. 

36 жастағы Әзербайжан азаматы мейрамханада анар шырынына тапсырыс беру үшін даяшыға айтар сөзін онлайн аударма арқылы орыс тілінен аударған, бірақ даяшы қонақта жарылғыш бар деп  қате түсініп, полиция шақырған.

Ескере кететін нәрсе, орыс тілінде өте ұқсас  "гранат" және "граната" сөздері португал тілінде мүлдем екі түрлі: "роман" және "гранада".