Алматыда бала отырған арбаны мопед жүргізушісі қағып кетті

Арбада үш жасар қыз болған.

Алматыда бала отырған арбаны мопед жүргізушісі қағып кетті
tengrinews.kz
650

Алматыда мопед мінген жүргізуші бала отырған арбаны қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқырмандар Сәтбаев пен Брусиловский көшелері қиылысында мопед жол апатын жасағанын хабарлады. Ол велосипед жолымен келе жатып, балалар арбасына соқтығысқан.

Алматы полициясы жол апаты 1 қарашада сағат 20:25-те Бостандық ауданында болғанын хабарлады. 1999 жылғы мопед жүргізушісі Сәтбаев көшесінің бойындағы веложолақпен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінің қиылысында балалар арбасын қағып кеткен.

«Арбада үш жасар қыз болған. Ол бірінші қалалық балалар ауруханасына көмек көрсету үшін жеткізілді. Деректі Бостандық аудандық ПБ қызметкерлері өндіріске қабылдады. Жүргізушіге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама тағайындалып, шара қолданылады», - деді полициядағылар.

Серіктес жаңалықтары