«Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы қашан ашылады?

Қазір ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы қашан ашылады?
starsity.ru

«Медеу» мұз айдынында конькимен сырғанау маусымы қашан ашылатыны белгілі болды.  «Медеу» мұз айдынының Instagram-дағы ресми парақшасында жазылғандай, сырғанау маусымы 15-қарашада ашылады.

«Достар! Бүгін біз сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді.

«МЕДЕУ» мұз айдыны өз есігін 15 қараша күні айқара ашады.

Осы сәтте біз ашылу салтанатына дайындалып жатырмыз!

Нысанда дайындық жұмыстары аяқталып, мұз құйыла бастады», – делінген хабарламада.