Нұрлан Қоянбаев өзі жайлы жалған ақпарат тарағанын айтты

Ол оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Нұрлан Қоянбаев өзі жайлы жалған ақпарат тарағанын айтты
instagram/koyanbayevnurlan

Белгілі актер, продюсер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды. Ол Instagram парақшасында белгісіз біреулердің өзі жайлы жалған ақпарат таратқанын жеткізді.

«Мұқият болыңыз! Ескертемін! Алаяқтарға алданып қалмайық.

Ғаламторда, әлеуметтік желіде мен жайлы жалған ақапарат тарап жатыр. Менің тегімді пайдаланып, алаяқтар белгісіз сайтқа шақырып жатыр. Олар – алаяқтар! Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар. Олар сіз жайлы ақпарат пен ақшаңызды тартып алуы мүмкін», - деді ол.