«Туфлиі Дубайдан, сөмкесі Италиядан»: Гүлзира Айдарбекова келініне әкелген сыйлығын айтып, мақтанды

Продюсер ұлын үйлендіріп, құдалық өткізген.

«Туфлиі Дубайдан, сөмкесі Италиядан»: Гүлзира Айдарбекова келініне әкелген сыйлығын айтып, мақтанды
Фото: ашық дереккөз
1169

Продюсер Гүлзира Үсенқызы әлеуметтік желідегі парақшасында кіші ұлының құдалығын өткізгенін айтты, деп жазды turkystan.kz.

Ол қай киімнің қайдан алғанын жеке-жеке айтып, мақтанып қалды.

«Заңғар үйленемін дегеннен кейін, бірден құдалыққа дайындалдық. Дубайдан бастап, Еуропаны шарлап ең тәуір дүниелерді сатып алдық. Келінім қымбат брендттен ғана киінетін болады. Мысалы, Дубайдан бренд туфлиін сатып алдым. Италиядан сөмкесін алдық. Жастардың стилін де ескеріп, соңғы үлгідегі сырт киімдерін де ұмытпадым. Қазақта «есік көрсету» деген салт бар. Тіпті, соған киетін көйлектеріне дейін алып келдім. Өзім секілді патшайым болып жүрсін деген ниетпен асыл тастармен көмкерген көйлек тіктірдім», – деді Гүлзира Айдарбекова.

 

 

Серіктес жаңалықтары