Астанада сауда орталығында қойға мініп жүрген блогер сотталды
Полиция блогердің әрекетін ұсақ бұзақылық деп таныды.
Астанадағы Asia Park сауда орталығында қой жетектеп жүрген блогер жауапкершілікке тартылды. Ол сонымен қатар қоймен бірге автобусқа мінуге тырысқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полиция блогердің әрекетін ұсақ бұзақылық деп танып, бес тәулікке қамады, сонымен қатар жануарларға қатыгездік пен қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттелді.
Блогердің әрекеті қоғамдық тәртіп бұзу саналады. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамауға алынды. Бұдан басқа, оған ӘҚБтК – нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін бес АЕК мөлшерінде және ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлады Астана полиция департаменті.