775
Қазақстанның шекарасын заңсыз өтпекші болған пәкістандықтар ұсталды
Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған.
![Қазақстанның шекарасын заңсыз өтпекші болған пәкістандықтар ұсталды](https://turkystan.kz/cache/imagine/1200/uploads/resized-images/2023/10/1698727558.jpeg)
Пәкістанның 4 азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде ұсталды.
Алматы көші-қон қызметінің қызметкерлері 30 қазанда өңірдегі ҰҚКД әріптестерімен бірлесіп, Әуезов ауданында Қазақстан Республикасының шекарасын заңсыз өтіп кеткен Пәкістан Ислам Республикасының төрт азаматын ұстады.
Олар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабында көзделген қылмысты жасаған. Қалаға келген шетелдіктердің хостелге орналасқаны анықталды.«Қонақтардың» алдағы жоспары мен қылмыстың себебі тергеу барысында белгілі болады.