Елімізде пәтер жалдау құны арзандай бастады
Мониторинг жүргізілген 13 қаланың 8-інде арзандаған.
Krisha.kz талдау қызметінің хабарлауынша, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру құны мониторинг жүргізілген 13 қаланың 8-інде арзандаған.
Қазан айында орташа жалға беру құны қыркүйекпен салыстырғанда 2,2% төмендеген, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бағаның ең қатты өсуі шілде-тамыз аралығына келді. Ол уақытта ай сайынғы жалға алу құны 4-7%-ға өсті.
Бір ай ішінде пәтер жалдау құны Ақтөбеде - 7%, Петропавлда - 6%, Ақтау, Қостанай, Көкшетауда — 5%, Алматы, Қарағандыда 4% және Астанада - 1%-ды құрады.
Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға біршама өсті.
Пәтер жалдау құны ең қымбат қала - Алматы. Онда орташа алғанда шаршы метр жер 6 мың теңге болады. Ең арзан баға Ақтауда. Онда шаршы метріне 2632 теңге алады.
Бағаның өсу қарқынын қаңтар айынан бастап алып қарайтын болса, 10,3% қымбаттаған.