1092
Абай облысында өрттен қаза болған 4 баланың ата-анасына пәтер беріледі
Бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде уланып, көз жұмғаны белгілі болған еді.
Абай облысы Аягөз ауданында өрттен қаза болған 4 баланың ата-анасына 2 бөлмелі пәтер беріледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
“Қазір екі бөлмелі пәтердегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, ол жақында осы отбасыға беріледі. Пәтер толығымен жиһаздалған және жақында дайын болады”, – деп мәлімдеді әкімдік.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында бір үйдің төрт баласы өрт кезінде уланып, көз жұмғаны белгілі болған еді. Кейінірек полиция төрт баланың өліміне қатысты тергеуді бастағаны белгілі болды.