Бала санынан – Түркістан облысы, 90-нан асқан қария санынан ШҚО көш бастап тұр
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялай бастады.
Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы халық санағының қорытындысын жариялай бастады, деп хабарлады turkystan.kz stat.gov.kz-ке сілтеме жасап.
Санақ қорытындысына сүйенсек, 2009 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың орташа жасы 31-ден 32 жасқа дейін өскен.
Қазақстандықтардың орташа жасы салыстырмалы түрде жас болып келеді, – деп жазылған қорытындыда.
Санақ аралығындағы кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өскен. Егер олардың үлесі 2009 жылы сол кездегі халықтың жалпы санының 24,1%-ы (3,9 млн адам) болса, соңғы санақ қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4%-ға (5,6 млн адам) жеткен.
65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі де өсті. 2009-бен салыстырғанда 2021 жылы олардың үлесі 7,1%-дан 8,2% дейін өсті (1,6 млн адам).
Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарт адам бар.
Айта кетейік, өңірлер арасында балалар саны бойынша Түркістан облысы, 90 жастан асқан қариялар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.