Петропавлда психдиспансерде есепте тұратын азамат автобус жүргізіп келген – облыстық прокуратура

"2023 жылдың 2 мамырынан бастап психикалық денсаулық орталығында есепте тұрып, автобусты басқарды"

Петропавлда психдиспансерде есепте тұратын азамат автобус жүргізіп келген  – облыстық прокуратура
kaztag.kz
599

Петропавлда облыстық прокуратура өкілдері заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді. Онда кейінгі 9 айда өңірдегі жол-көлік оқиғалары мен жарақаттануды азайту бойынша уәкілетті органдардың жол қозғалысы саласында заңнамаларды сақтау және қабылданған шаралардың толықтығы туралы мәселе қарастырылды. Белгілі болғандай, арнайы тексеріс кезінде психикалық денсаулық орталығының есебіне алынған ер адам қоғамдық көлікті тізгіндеп, жолаушы тасымалдаған.

"Медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынған 138 адамның жүргізуші куәлігінің болу фактілері анықталды (басқару құқығын тоқтату бойынша жұмыс жүргізілуде). Мысалы, облыс орталығында қоғамдық маршруттың жүргізушісі 2023 жылдың 2 мамырынан бастап психикалық денсаулық орталығында есепте тұрып, автобусты басқарды, осылайша қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген",  – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары